12.06.2014
«Бүгінге дейін облыстың 29 өңдеуші кәсіпкерлігі негізінен Қазақстанның ішкі нарығына тауар сатып келді. Біздің өңір шекаралас облыс ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жерден Шығыс Еуропа мен Орта Азия және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағымен жалғайтын ТРАСЕКА мен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық транспорттық дәлізі өтеді.
«Айта кету керек, темір жол мен автокөлік байланысы трансконтиненттік тасымалдың негізі болып табылады. Біздің өңір арқылы өтетін транзиттік жүк айналымының көлемін арттыру мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр», - дейді әкім орынбасары.
Мадина Нұрбекова