12.06.2014
«Біз, әрине, еңбек ресурсының белгілі бір деңгейде ағымын күтіп отырмыз. Көптеген жобалар қазір дайындалып жатыр, оларды іске асыру ойда бар. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде бізде шамамен мың шақты Ресей мен Беларусь азаматтары жұмыс істеп жатыр. Біздің жоспарлап отырған жобалардың болашағына тоқталар болсақ, өндірістік қуаттылықтан байқап отырғанымыз, алдағы уақытта жұмыс күшіне деген мұқтаждық тумақ. Олар жоғары білікті сапалы мамандар болуы қажет. Заманауи техниканы пайдалану мен құрылғыларды іске қосуда олардың білімдері қажет», - дейді әкім орынбасары.
Оның айтуынша, бұл үштік арасындағы еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімінің тікелей нәтижесі.
Айта кету керек, көрші елдерден келетін жұмыс күші мұнай-газ секторына, машина жасау саласы мен мұнай-газ құрылғылары өндірісіне тартылады.
Мадина Нұрбекова