• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО-ның басты артықшылығы -  нарық сыйымдылығында - депутат 11.06.2014

«Еуразиялық экономикалық одақтың басты артышылығы нарықтың сыйымдылығы, инвестициялық тартымдылық. Сонымен қатар, өзара сауда-саттық саласындағы әкімшілік кедергілерді алып тастау да оң әсер етпек.  Оның үстіне егер кәсібіңді кеңейткің келсе онда филиал немесе өкілдік аша салуға болады», - деп Ж.Ахметбеков ағынан жарылды.

Оның үстіне оның айтуынша, бірлескен кәсіпорын ашуға және өндірісті күшейтуге мүмкіндіктер ашылуда.

«Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда үлкен жетістікке тек ірі жүйелер қол жеткізуде. Себебі, олар ұлттық шектен шыға алады. Бұл ретте бұдан басқа жолда жоқ », - деп халық қалаулысы өз ойын түсіндіріп өтті.

Депутаттың пайымынша, ЕАЭО аясында қазақстандықтар ортақ нарыққа, ортақ тәртіпке қол жеткізеді. Ол өз кезегінде еркін тауар, капитал, қызмет пен еңбек ресурсының айналымына жағдай жасайды.

Мадина Нұрбекова


Back to the list