• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның коммунистік партиясы ЕАЭО-ны қолдайды – Ж.Ахметбеков 11.06.2014

«Үш посткеңестік ел арасында Еуразиялық одақтың құрылуы бәрінен бұрын үзіліп қалған мемлекетаралық өндірістік экономикалық байланысты қалпына келтіруге, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі ұлтаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Қазақстанның коммунистік халық партиясы азаматтық қоғам институтының қатысушысы ретінде ЕАЭО-ның құрылуын қос қолдап қолдай отырып, партия мүшелерін одақтың дамуына ат салысуға шақырады», - дейді депутат.

Оның айтуынша, бүгінде Еуразиялық интеграция тек идея түрінен жақын болашақта салтанат құрар бірлестік түріне көтеріліп отыр.

«Кез келген мемлекеттің интеграцияға мұқтаждығы бар. Өйткені жаһандық мәселелерге жалғыз жауап қату қиынның қиыны. Бүгінгі таңдағы түрлі дағдарыстарға төтеп берудің жалғыз жолы мемлекеттердің ынтымақтастығы десек артық айтқандық болмас», - дейді ол.

«Біз Еуразиялық экономикалық одақты бәсекеге қабілетті жаһандық бірлестік ретінде көріп отырмыз. Біз еуропа елдерінде бір кездері жіберілген қателіктерден сабақ ала отырып, терең талдаумен алға ілгрілейтін боламыз», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін саяси тұрақтылық пен өңірдегі қауіпсіздікті сақтаумен қатар экономикалық интеграция да ауадай қажет болып отыр. 

 


Back to the list