09.06.2014
«Еуразиялық экономикалық одақты құру кезеңінде оған әріптес мемлекеттер тарапынан айтарлықтай жоғары қызығушылық байқалды. Қытайды былай қойғанда, қазіргі таңда Вьетнам, Үндістан мен өзге де мемлекеттер ынтымақтастық құруға мүдделі болып отыр», - дейді А.Лукашенко.
«Яғни, одақ құрылмай жатып мемлекеттер оған сеніммен қарады. Бұл заңды да, өйткені жаңа дәуірдің парақтары ашылуда. Мүмкін, бұл көп полярлы әлемге қосылған өзінше бір үлес болар», - деді Беларусь Президенті.
Александр Лукашенконың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы жарқын. Алайда оған өзге де мемлекеттердің қосылуына жол ашу үшін ЕАЭО халықаралық қауымдастыққа өзінің өміршеңдігін дәлелдеуі керек.