• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Экономикалық интеграция бойынша арнайы курсты ЖОО-ға енгізу керек – Д.Сәдуақасов 10.06.2014

«Бәрінен бұрын бұл дегеніңіз еңбек капиталының нарығы. Енді жас маман тек қана еліміздің ішінде емес, сонымен қатар ЕАЭО елдерінде де өзінің бағын сынап көре алады. Қазіргі таңда үш мемлекеттен тұратын одаққа алдағы уақытта Армения мен Қырғызстан бастап өзге де мемлекеттер кіреді деп күтілуде», - дейді Д.Сәдуақасова.  

Оның айтуынша, жас мамандар өз кәсіпкерліктерін ашу мүмкіндігін кеңейгенін көріп отыр.

«Менің пікірімше, ЖОО-да бүгінгі студенттерге арнайы курс енгізудің артықшылығы жоқ. Өздеріңіз де білесіздер, батыстың оқу орындарында кәсіпкерлікті бастау, маманнан тәуелсіз түрді стартап жобаларды құру бойынша арнайы курстар өтеді. Біздің елде де мұндай бастама қолға алына бастады. Нәтижесі де жаман емес. Енді, менің ойымша, ЕАЭО аясында бұны тәжірибеге айналдыруға мүмкіндік тумақ», - дейді ол.

Сонымен қатар, Одақ форматы туралы айтып және базалық дүниелерді ғана қамтып қоймай, сонымен қатар әріптес мемлекеттердегі заңнаманың ерекшеліктері, салық ерекшеліктері мен әкімшілік ережелер туралы да ақпараттандыру қажет.

«Бұл өз кезегінде ғылыми идеяны тиісті бағытқа жөнелтуге мүмкіндік береді. Батыс тәжірибесінен байқағанымыздай, кәсіпкерліктің негізгі толқынын жастар құрайды. осы орайда біз де жастарға барынша көбірек көңіл бөлуіміз керек», - дейді ол.

«Жас қазақстандықтардың бәсекеге төтеп беру қабілеттері жоғары, 10 мыңдай түлекті оқытуға жол ашқан «Болашақ» бағдарламасының арқасында жаңа толқынның алға қойған мақсаттары жоғары. Бүгінде олар алған білімдерімен отанға оралуда. ЕАЭО елдерінде «Болашақ» сынды өзге бағдарлама жоқ», - дейді департамент директоры.


Back to the list