09.06.2014
«Меніңше, белгілі бағаның көтерілуі болады. Бірыңғай экономикалық ұйым аясында баға саясаты бірдей болады. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, бағаның төмендеуі сирек кездеседі. Оған қоса, егер де адамның жалақысы өссе азық-түлік себетінің құны 90-100 долларды құрайтын болады. ЕАЭО құрылуы қазақстандықтардың жалақысының көтерілуіне септігін тигізеді», - деді депутат.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бағалардың өсуінен бұрын халықтың табысын көтеру қажет.
«Сол кезде ғана бағаның өсуі бізге әсерін тигізбейді, егер де баға 10 пайызға ал жалақы 50 пайызға көтерілсе ештеңе етпейді. Инфляцияда оң үрдістер де бар. Бұл егер де кіші көрсеткіш, 3-4 пайызда болса, дегенмен бұған сәйкес заңнамалық актілер дайындалып, кәсіпорындар ашылады деген үміттемін», - деді ол.
А. Перуашев экспортқа жұмыс істейтін кәсіпорындарды атап өтті.
«Тауарлардың тізбесі қызықты. Ең басты мысал «Рахат». Бүгін алматылық зауыт Башқұртстан мен Беларуське тауар жеткізеді», - деді ол.
Мадина Нұрбекова