09.06.2014
«Интеграция жеке бәсекеге қабілеттілігіңді арттыруға итермелейді. Елбасы көптеген амбицияға толы жобаларды жүзеге асырды. Мысалы, біз ядролық қарудан бас тартық, ұлттық валютамызды енгіздік. Демек амбициядан қорықпауымыз керек. Тек өзіміздің осындай жобаларымызды жұмыспен негіздеуіміз керек», - деді депутат.
Оның пайымынша экономикада писсимист әріптестерге көп қараған болмайды.
«Бәсекеге қабілетсіз, дәрменсіздерге қарай бейімделген дұрыс емес. Бұл даму жолы емес. Жалпы, барынша мықты, алдыға ұмтылатын және өзінің алдына үлкен міндеттерді қоя білетіндерге қарап бой түзеген жөн», - деп А. Перуашев өз ойын толықтырды.
Бұдан басқа, халық қалаулысы елімізде КО және ЕАЭО аясында да табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды тілге тиек етті.
«Бағалау бойынша инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 3% құрайды. Ал, қалған 97%-ның әрқашан көңілі толмайды. Олар жоғары бәсекеге қабілеттілікке шағымданатын болады. Осы ретте, жоғарыда аталған 3% ештемеден қорықпайтын болады. Олардың өніміне әрқашан сұраныста болады және олар жаңа жұмыс орындарын да ашады. Сондықтанда біз өзіміздің кәсіпорындарымызға қолдау көрсетіп, оларды одан ары дамуға, инновацияларды меңгеруге итермелеуіміз керек», - деді ол сөз соңында.
Мадина Нұрбекова