09.06.2014
«Интеграциялық процестерді кеңейту мәселесінде қатысушы мемлекеттердің қай жағынан да ұтатынын Кедендік одақ мысалынан анық аңғаруға болады. Өзіміздің өңірдің өзін мысалға келтіруге болады. Бүгінде облыс аумағында Ресей мен Беларусьтің қатысуымен 250-ден астам кәсіпкерлік тіркелген. 2013 жылы Ақтөбе облысының КО елдерімен арасындағы тауар айналымы шамамен 1,5 млрд долларды құрады. Бұл алдыңғы жыл көрсеткішінің 109,9%-ын құрайды», - дейді Р.Низамутдинов.
Оның айтуынша, Ақтөбе облысы Орынбор өңірімен белсенді ынтымақтастық құрып, облыс басшылығы бұл өңірмен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық кеңістікте ұзақмерзімді келісімге келді.
«Маусым айында біздің кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінің Орынбор облысында өтетін кезекті XIII халықаралық «Еуропа – Азия. Шексіз ынтымақтастық» өндірістік көрмесіне қатысу жоспарланған. Ол бұған дейін Ақтөбеде жыл сайын өткізілген болатын», - дейді басқарма жетекшісінің орынбасары.
«Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аясындағы интеграциялық процестер өзінің артықшылықтарын байқатты. Сол себепті Еуразиялық экономикалық одақ құра отырып өзара байланыс дамуының жаңа кезеңіне өту қатысушы мемлекеттерге тек қана оң жамбасына келетіні анық», - дейді ол.