06.06.2014
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко үш мемлекет басшылары ұзақ жылдар бойы ақылдасып, кеңесіп, кеңінен толғап үш мемлекеттің территориясын мекендеген халықтарымыздың болашағын тереңнен болжап, тағдырын ойлап, елдің экономикасын өркендетуді іргелі бастыруда кемеңгерлікпен таразылап, Еуразиялық экономикалық одақ құруы - жарқын оқиға, тарихи құбылыс деп санаймын», - деді С. Негимов.
Ол атап өткендей, «ЕАЭО - ХХІ ғасырдағы мыңжылдықтың ғажайып жобасы».
«Біз Қазақстан елінің экономикасына тегеурінді серпін қосады деп есептейміз. Бұл одақ Қазақстанның мәңгілік Тәуелсіздігіне, Мәңгі ел болуына және оның мемлекеттік тіліне, діліне, дініне еш нұқсан келтірмейді. Сондықтан да бұл Еуразиялық экономикалық одақтың өмірі ұзақ, жолы даңғыл деп санаймын», - деді ол.