06.06.2014
«Интеграция процесі әрбір елге тек қана оң және пайдалы өзгерістерге бастау болады. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Келісімге қол қою арқылы біз экономикалық, мәдени, ғылыми және өзге де әлеуетімізді бірлестіреміз. Ондағы мақсат елді гүлдендіру. Аталмыш Келісімнің өзге емес Қазақстанның жас Астанасында құрылуында да өзіндік мәні жоқ емес. Астана төрінде бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойылды, енді оған ЕАЭО туралы Келісім еніп отыр», - дейді профессор.