05.06.2014
«Қазақстан Елордасы Астанада 29 сәуір күні тағы бір тарихи маңызы бар оқиға болды. Елбасымыз – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағы да өзінің көрегендігін танытты», - деді Ш. Орманова.
Оның айтуынша, «алып көршіміз Ресей мен Беларусь халықтарымен біздің мүддеміз бір, ұстанымымыз ортақ. Осы елдермен ортақ экономикалық одақ құру, оның шеңберін әрі қарай кеңейту тәуелсіздігімізді тастай бекітудің кепілдігі екеніне ешкімде бүгін күмәнданбайды. Егемен ел болу шекарамызды жауып алып, көршімізбен қырғи-қабақ болуды білдірмейді. Керісінше, неғұрлым кең ынтымақтассақ, соғұрлым елдігімізді бекемдейміз».
Расында, Елбасымыздың Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясын алғашқыда көпшілік қабылдай қоймағаны рас. Алайда, уақыт өте келе оның тиімділігіне, халқымыздың несібесіне қосылатын үлес екеніне көзіміз жетті, деді ол.