• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның болашағы жаһандық экономикадағы  интеграциямен байланысты –М. Әшімбаев 05.06.2014

«Жалпы, Еуразиялық экономикалық одаққа баға бере отырып, біз әлемдік деңгейдегі жаһандық трендер түсінігін ұғынуымыз қажет. Өзге елдермен ынтымақтастықтың ашықтығы жаһандық трендке айналуда. Барлық ел аймақтық және жаһандық дәрежеде елдерін дамытуға ниетті», - деді М. Әшімбаев.

Ол атап өткендей, ашықтық саясатының арқасында Қазақстан өз көршілерімен жақсы қарым-қатынасты ұстанып отыр.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде 180 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Қазақстанның болашағы жаһандық экономикадағы интеграциямен байланысты. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құруда жаһандық әлеммен тығыз араласуымыз қажет», - деді депутат.

М. Әшімбаев атап өткендей,  ЕАЭО – бұл Қазақстан стратегиясының бөлігі, әлемдік жаһандық экономикадағы ашықтық пен интеграция.

Камила Амирова


Back to the list