05.06.2014
«ЕАЭО елдері арасында орнатылған экономикалық байланыстар әлеуметтік және мәдени сипатта да көрініс таппақ. Осыған орай өзара тауар мен қызмет алмасуды тек қана қаржы-экономикалық қатынастарда ғана емес, сонымен қатар білім беру саласында, атап айтар болсақ жоғарғы білім туралы дипломның, ғылыми дәреже мен атақтың да мүше мемлекеттерде де бірдей мойындалуын қамтамасыз ету керек», - дейді С.Баймолдина.
Оның айтуынша, ЕАЭО аясында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы заңнаманы бірегейлендіріп, зейнеткерлік жасты теңестіріп, зейнетақы төлемдерінің ең төменгі көрсеткішін де бірдей ету керек. Сонымен қатар, валюта айырбасы мен өзге де сауда-экономикалық қатынастардағы пайыздық және салықтық төлемдерді азайту қажет.