• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО жұртшылығы Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттеріне үндеу  жолдады 04.06.2014

«Астанада 2014 жылдың 29-ыншы маусымындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің құрылуы үш ел үшін тарихи оқиғаға айналды. Бұл заманауи геосаяси сипаттағы қатерлерге дер кезінде берілген жауап. Миллиондаған халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру жолында маңызды әлеуметтік-экономикалық қадамдар жасалынды», - делінген мәтінде.

Ашық хат авторларының айтуынша, Келісімнің құрылуы қазіргі таңдағы күн тәртібіндегі басты мәселелерге шешім табудың төте жолы.

«Ендігі кезекте жергілікті биліктің жүгі ауырлайды. Әсіресе шекаралас аймақтарда жұмыс қыза түспек. Мысалға, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес облысымен шектесіп жатыр.  Өңірде әлеуметтік-экономикалық салада айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Ендігі кезекте ынтымақастықты дамыта түсу керек. Кедергілер алынып, еркін жүріп-тұру мен кәсіпкерлік ашуға бар мүмкіндік бар. Жалпы, аталмыш Келісім үш елдің халқының оң жамбасына тиеді», - дейді өңірдің қоғамдық бірлестік өкілдері.


Back to the list