• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО елдердің  зейнетақы заңнамасына әсер етпейді – депутат  (Брифинг бейнебаяны) 04.06.2014

«Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдердің зейнетақы заңдарына әсер етпейді. Тек экономикалық мәселелер бойынша заңнамаларды келісуге ғана ықпал етеді. Өзге бүкіл база тұрақты болады. ЕАЭО бұл саяси ұйым емес. Әлеуметтік қорғау әрбір елде бар және болады. Зейнетақы заңнамасын өзгертпейміз», - деп сендірді сенатор.

Депутат сондай-ақ, әр елде әлеуметтік қорғау бірінші кезекте болады. «Біз зейнетақы заңнамасын өзгертпейміз», - деді ол.

«Бүгінде әлеуметтік пакет көлем бойынша ажыратылады. Қазір бізде нарық қозғалысының еркіндігі бар, егер де тұтынушыларға өзге елдің әлеуметтік пакеті ұнаса ол жұмыс орнын ауыстыра алады», - деді ол.

«Біз бірыңғай тәртіп құруға ниеттіміз. Әрбір ел өзіне адамдарды тартқысы келсе, жағдайды жақсарта түседі», - деді депутат.

Камила Амирова


Back to the list