• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның Ресей мен Беларусь  арасындағы тауар айналымы 3 жылда 80%-ға артты - В. Бобров 04.06.2014

«Кедендік одақтың өткен 3 жыл жұмысы ішінде  Қазақстанның Ресей мен Беларусь  арасындағы тауар айналымы 3 жылда 80%-ға, экспорт 60%-ға арты. Қуаныштысы сол, өңдеу өнеркәсібінің экспорты да өсіп келеді»,- деді ол.

Сонымен, Сенат депутаты ЕАЭО туралы Келісімге қол қойылғаннан соң азаматтардың алдында 4 еркіндік деңгейі пайда болғанын тілге тиек етті.

«Кедендік одақ тек бір еркіндік түрінде пайдасы болды. Ол - еркін тауар айналымы. Алайда, қызмет көрсету, капитал мен адам ресурстарының айналымы саласында шектеулер болатын. Ал, осы артықшылықтар одақтың шеңберінде беріліп отыр», - деді В. Бобров.

Оның үстіне, Сенат депутаты Қазақстанның ЕАЭО-дан алатын басымдылықтарды атап өтті.

«ЕАЭО басты мақсаты - мықты экономика негізінде  адамдардың әл-аухатын арттыру және әлеуметтік сенімділікті арттыру. Жалпы, әлеуметтік тұрғыда ЕАЭО әрбір қазақстандыққа берері мол. Білім және медициналық қызметтерді шексіз көлемде алу және жаңа жұмыс орындарының ашылуы және тағысын тағылар.   Сонымен қатар, біз осы үш мемлекеттің бәрінде бірдей еркін жұмыс істей аламыз», - деді ол сөз соңында.

Индира Кауметова


Back to the list