04.06.2014
«Кедендік одақтың пайдасы әлі алда. Өйткені экономикаға әсер ететін барлық факторлардың нәтижесін көру үшін уақыт қажет. 1993 жылдан бастап 2012 жылға дейін 20 жыл ішінде елге тартылған тікелей инвестиция көлемі 193 млрд долларды құрады. Ал Кедендік одаққа кіргелі бері 3 жылда бұл көрсеткіш шамамен 100 миллиардқа жетті», - дейді депутат.
Оның айтуынша, Кедендік одақ шағын және орта кәсіпкерлікке тиімді болып тұр.
«Кедендік одақ бірінші кезекте елдегі шағын және орта кәсіпкерліктерге оңтайлы болды. Олар одақтың құрылуымен нақты экономикалық артықшылықтарға ие болып, түрлі шаралардағы әкімшілік кедергілердің азайғанына куә болды. Сонымен қатар, ҚҚС тұрғысынан да жеңілдік алды. Өздеріңіздер де білесіздер, бүгінде ҚҚС шегерімі 50 күн жұмыс істейді», - дейді В.Бобров.
Сонымен қатар, В.Бобров тікелей тартылып жатқан инвестиция қарқынына тоқталды.
«Бәрінен бұрын таңдалған жолдың дұрыстығын уақыт дәлелдеуде. Бұл елімізге тікелей тартылған инвестицияның қарқынымен өлшенсе керек, 2013 жылдың тек 9 айында бұл көрсеткіш 20 млрд долларды құрады. Еліміздің экономикасына құйылған қаражат негізінен өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған», - деді ол.
Индира Кауметова