04.06.2014
«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біздің мемлекет өміріндегі ірі тарихи оқиға болып табылады. Одақтың болашағы туралы айтар болсақ, оның артықшылығына да тоқтала кеткеніміз жөн. ЕАЭО-ға ену мемлекет нарығын барынша кеңейте түсті. Үш елдің жалпы нарық көлемі 2,5 трлн доллардан асады. Ал адам ресурсы 168 млн-нан астам. Мемлекеттердің жалпы өндірістік әлеуеті 600 млрд долларды құрайды», - дейді А.Бижанов.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік – тауар мен қызмет тасымалына ірі нарық ұсынатын мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі үш мемлекеттің теңдей бәсекелестік ортасы.
«Өткен жылдары Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алуы 198 млрд доллар шамасында болған», - дейді ол.
«Қазақстандық экономиканы кеңейтетін ынтымақтастықтың тағы бір бағыты ортақ мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр энергетикасы, дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдар нарығы болып табылады. Ресей мен Беларусьтің тауар айналымы да жыл санап артып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда-саттық 20 млрд долларды құраған», - дейді депутат.
Сонымен қатар, оның мәліметінше, әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы әлемдік нарықтарға транспорттық-логистикалық жол ашылмақ.