04.06.2014
Шараны Еуразиялық экономикалық комиссия ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және «Экономикалық зерттеу институты» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарды Мәскеуден келген сарапшы Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясаты департаментінің Методология және сараптама бөлімінің кеңесшісі Юрий Жуков өткізді.
«Биылғы жылдың 29-ыншы мамырында құрылған ЕАЭО туралы Келісім – экономикалық сипатқа ие. Бұл жерде біз «экономикалық» деген сөзге басымдылық беруіміз керек. Одақ нарық, тауар, капитал, еңбек күші арасындағы экономикалық алмасуды дамытуға бағытталған. Осы орайда біздің әдістемелік оқыту, тиісті құралдарды пайдалану мен жұмыс тәсілін өзгертуге мән беруіміз керек. Қазірде бұл тұрғыда ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу институттар ауқымды жұмыс жүргізуде», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, макроэкономикалық теңсіздікті анықтау – Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясаты департаменті жұмысының басты мақсаты.
«Барлық әдістеме ортақ және барлық одақтағы елге бірдей, алайда барлық қатысушы мемлекеттер ортақ шешімге келгеннен кейін ғана әр мемлекет жұмысқа кіріседі», - дейді Ю.Жуков.
Динара Сүгірбаева