03.06.2014
Елші Қ.Қобландин өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын тұңғыш рет Елбасы Н.Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын Мәскеу Мемлекеттік Университетінде айтқанын ерекше атап көрсетті. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың осы Одаққа мүше мемлекеттердің тұрақты және орнықты дамуына, халықтың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуға үлкен экономикалық мүмкіншіліктер әкеледі деп санайды, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Одаққа мүше елдер арасында кедендік, миграциялық кедергілер болмайды, мемлекеттер заңдарының біркелкі болуына байланысты кәсіпкерлердің еркін жұмыс істеуіне, тауарлардың кеденнен алымсыз өтуіне, үш мемлекет азаматтарының Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген жерде жұмыс істеуіне немесе оқуына мүмкіншілік туады.
Қазақстан Елшісі интеграцияның маңызды рөлін әңгімелей келе, бұл үрдістің Қазақстан экономикасының дамуына әсер етіп, елдің болашақта әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуына үлкен мүмкіншілік жасайтынына сенім білдірді. Атап айтқанда, 2013 жылы Қазақстанның Ресей мен Беларусиямен тауар айналымының 24 млрд. АҚШ долларға жеткенін, 2009 жылдан бастап іске қосылған Кедендік Одақ ішіндегі әріптестерімен тауар айналымының 88% асқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттерде 40 триллион АҚШ долларын құрайтын дүние жүзіндегі барлық зерттелген қазба байлықтың төрттен бір үлесі бар екендігі, әлемдегі ең үлкен энерго ресурстар мен азық-түліктік астық экспорттаушы, үш мемлекет экономикасының жиынтығы 2,2 триллион АҚШ долларын, жалпы шығаратын өндірістік өнімдерінің 1,5 триллион АҚШ долларын құрайтыны айтылды.
Қ.Қобландиннің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда интеграциялық ұйымға әлемдегі бірқатар ірі мемлекеттер - Қытай, Үнді, Вьетнам, Түркия, Израиль, Жаңа Зеландия және т.б. қызығушылық білдіруде. Жақын арада Еуразиялық экономикалық одаққа Армения мен Қырғызстан мүше болуды көздеп отыр.
Елші И.Азизов Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында тауарлар мен қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалатынына, экономика саласының негізгі әрі шешуші бағыттарында, атап айтқанда, энергетика, өндіріс, ауыл-шаруашылық пен көлікке қатысты саясатты бірлесе, келісіп жүргізетіндерін айтып өтті.