03.06.2014
«Қазақстанды өзгелерден ерекшелейтін бірінші артықшылық біздің мемлекеттің реформа қарқыны бойынша бірнеше қадам ілгері жүруіміз бен біздің даму екпініміз. Қазақстанда жасалған барлық реформа Ресей мен Беларусьтен бұрын қолға алынған. Біз кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауды білеміз, енді осыны пайдалану керек. Кәсіпкерлікті бастау жеңілдігінің рейтингісі бойынша 2013 жылы Қазақстан 50-інші орынға жайғасса, Беларусь 63, ал Ресей 92-інші орында. Бізде салық пен әкімшілік орта жағынан барлық жағдай жасалған», - дейді ол.
«Қазақстанның еңбек нарығында бәсекелестік арта түсті. Осы орайда адамдардың өзін өзі дамытуы мен біліктіліктерін арттырып, еңбек өнімділігін қолға алулары ауадай қажет», - дейді қоғам қайраткері.
«ЕАЭО құрылуы, бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның да, Ресей мен Беларусьтің пайдаға кенелетін үлкен бірлестігі», - дейді Д.Жұмин.
Динара Сүгірбаева