03.06.2014
«Біз қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығымыздың және 5 маусымда өткізетін акцияның аясында барынша көп жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Ол үшін біз арнайы «Үш мемлекет - ортақ шешім» атты айдарды таңдап алдық», - деді И. Малкина.
Сенбілікке барлық аймақтық қызметтер, өндіріс кәсіпорындары және жастар ұйымдары қатысады.
«Біз акция аясында барлық республикалық және аймақтық деңгейдегі қызметтерді, комитеттерді және жастар одағын тартпақшымыз. Біз шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізіледі деген сенімдемін», - деді ол.
«Айта кетерлік жайт бұл шараға министрліктің қызметкерлері де қатыстырылатын болады. Осылайша біз экологиялық проблемаларды бірлесіп халыққа жеткіземіз және олардың шешу жолдарын бірлесіп насихаттаймыз», - деді И. Малкина.
Индира Кауметова