03.06.2014
«Біз Беларусьтің қоршаған орта министрі және Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрімен бірігіп ұйымдастырылатын шараларды талқыладық. Нәтижесінде халықаралық сенбілік өткізуді ұйғардық», - дейді С.Донской.
Яғни, 5 маусым күні Қазақстан, Ресей мен Беларусьте экологиялық акциялар түріндегі мерекелік шаралар өтпек.
«Жұртты түрлі шаралардағы аймақ тазалау жұмыстарына араласуға шақырамыз. Қазіргі таңда бұл шараға Ресейдегі Владивосток пен Калининградқа дейінгі барлық өңірдің қатысатынын айта кеткім келеді. Өткен жылы бұл шараға шамамен бір миллион адам қатысты. Биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Өйткені жоба халықаралық сипат алып отыр», - дейді ол.
Сонымен қатар, ЕАЭО туралы Келісімге қол қойылғанын ескерсек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел бірыңғай экологиялық кеңістікке өтпек.
«Міне, аталмыш халықаралық сенбілік біздің ортақ мәселеміз экологияға көңіл бөлуге септігін тигізеді. Екінші жағынан қазіргі таңдағы күн тәртібіндегі мәселені шешуде ортақ нормативті-құқықтық базаны қалыптастырмақ», - дейді С.Донской.
Мадина Нұрбекова
Фото-Азамат Алиев