02.06.2014
«ЕАЭО Келісіміне қол қою алдында оған Израиль, Түркия, Қытай, Үндістан сынды елдер экономикалық қызығушылық танытты. Шетелдік инвестицияны тартуға үлкен мүмкіндіктер бар. Келісім мен оның тәртіптері ашық болуға бағытталған. Қазақстан, Ресей, Беларусь ЕАЭО-дан тыс жерде де өз келісімдерін еркін жүргізе алады. Келісім одақтың кез келген мүшесінің саясатына еркіндік береді», - деді Е. Ыдырысов.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Еуроодақпен сауда, инвестиция және экономикалық сұрақтар бойынша серіктестік жүргізуге дайын екенін атап өтті.
«Ел президенттері көптеген кездесулерде болашақта тығыз серіктестік орнату мәселесін талқылады. Біздің Үкімет ашық екенін айтқым келеді. Біз осы сұрақтармен айналысатын сарапшылар мен ресми тұлғаларға ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік беруге ниеттіміз», - деді ол.
Оның айтуынша, ЕАЭО барлық бағытты қарастырған.
Мадина Нұрбекова