• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е. Ыдырысов ЕАЭО аясында қамтылатын салаларды айтты (ФОТО) 02.06.2014

«Жаңа нарықтарды құру мен жаһандық нарыққа тұрақты енуді қалыптастыру  оңай шаруа емес. Біздің барлық жұмысымыз осыған бағытталған», - деді Е. Ыдырысов.

Келісім бойынша барлық ел экономика саласына ден қойды.

«Бұл қатысушы елдер азаматтығын, заңдық көмек пен ынтымақтастық, заң саясатының қалыптасуы, ортақ парламент, визалық қарым-қатынас, денсаулық сақтау, паспорттық реттеу, көші-қон, қауіпсіздік, білім беру, ғылым және мәдениет саласын бірге қарастыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл үрдістердің барлығы негізге алынған.

«Біз эволюциялық бағыт бойынша әрекет жасадық, себебі кезең кезеңімен істі жүзеге асыру қажет, экономиканың қатысуы біздің елдер үшін жақындастықты нығайта түседі. Ол ЕАЭО болашағын құруға мүмкіндік береді. Ал біз интеграция жалғасуында  ешқандай қысымның көрсетуінсіз іріктелетін салаларға куә боламыз. Экономика біз біріге алатын ең үздік салаларды шығарады», - деді ол.

Ол сондай-ақ, бірқатар сұрақтарды шешештін ауқымды сала бар екенін атап өтті. 

«Мәселен, экономика, энергия өндіру, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика сынды салалар ерекше күшті қажет етеді. Келісімінің негізі еңбек миграциясын,индустрия, қаржы нарығын реттеу, инвестиция алаңы, қызмет көрсету, шетелдік сауда саясатында көрініс тапқан», - деді ол, 

Мадина Нұрбекова

Фото-Азамат Алиев 


Back to the list