• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО мемлекеттер арасындағы интеграцияны дамыта түседі – Е.Ыдырысов 02.06.2014

«Еуразиялық экономикалық одақ жабық ұйым емес. Біз әлеммен байланысымызды нығайта түсуіміз үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Аталмыш Келісім мемлекеттер арасындағы интеграцияны дамыта түседі. Біз әу бастан ЕАЭО жағдайында мемлекет мүдделері тең  қорғалады деп басын ашып алғанбыз», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім 4 ірі бөлімнен тұрады. Құжат шамамен мыңдаған бетке жуық.  

«Құжатта 28 тарау, 118 бап пен 32 қосымша бар. №1 бапта аталмыш одақтың өңірлік интеграцияға бағытталған халықаралық ұйым екені айтылған. Келісім бойынша барлық мемлекет экономикалық тұрғыда әріптестік құрады», - дейді.

Оның айтуынша, мүше мемлекеттер әлемдік  аймақтың 15 пайызын алып жатыр. Сонымен қатар, жалпы қоры 40 трлн долларды құрайтын әлемдік қордың пайдалы қазбаларының төрттен біріне иелік етуде.

«Біз аталмыш тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазіргі таңда барлық әлемдік қауымдастық пен алыс-жақын шетелдің сарапшы мамандары одаққа қызығушылық танытуда», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list