31.05.2014
Шараға магистранттар,докторанттар, профессорлық-оқытушылық құрам қатысты, деп ШҚО ақпараттық орталығында хабарлады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚОМУ ректоры Нұрлан Темірбеков үш елдің бірігуінде – Қазақстан, Ресей, Беларусь жаңа ынтымақтастық басталғанын атап өтті.
«Ортақ еуразиялық кеңістік бізге жаңа мүмкіндіктер береді. Оның ішінде бірыңғай еуразиялық оқыту кеңістігінің құрылуы. Кеңістік жоғары білікті мамандарды дайындауға септігін тигізеді. Сондай-ақ, олардың шет тілдерін еркін меңгеруі жетістікке жеткізуі мүмкін. Өздеріңізге аян, ғылым ұлтқа да нәсілге де тәуелсіз. Еуразиялық экономикалық одақ аясында туыатын тың идеялар мен мүмкіндіктер жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді», - деді ректор.
Сондай-ақ, шарада экономикалық теория және нарық кафедрасының профессоры Сағаладин Жұманазар да өз пікірін білдірді. Ол өз баяндамасында үш мемлекеттің ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты деген баға берді. Құжатқа қол қойылу бұл ұлттық экономикалардың бірігуі ғана емес, одан да маңызды мағынаға ие екенін атап өтті.