30.05.2014
«Ең бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ кеңеюі барлық елдерге шекараның ашықтығын көрсетеді. Бұл бүгінгі таңда посткеңестік кеңістікті көрсетеді. Бұл орайда ынтымақтастықтың екі түрі бар – ол Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына ену. Дегенмен, бұл одаққа қосылу үшін қаржылық жүйе қажет», - деді ол.
Ынтымақтастықтың екінші түрі мемлекеттің Кедендік одақпен еркін сауда туралы келісім орнатқан кезде жүзеге асады.
«Ресей, Қазақстан, Беларусь – үш елдің ара – жігін ажыратпайтын жол, өте тиімді. Осы сынды келісімді аяқтау үрдісінде Вьетнам елі тұр. Тек қана Вьетнам – КО-да емес, ASEAN – КО құрамында.Сондай-ақ, бұл пішінге Жаңа Зеландия, Үндістан, Израиль, сынды елдер қызығушылық танытуда», - деді ол.
Айта кетерлігі, ASEAN 1967 жылдың 8 тамызында құрылды. Оның құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппина енді. Ал, кейіннен Бруней-Даруссалам, Вьетнам, Лаос , Мьянма, Камбоджа енді, Бақылаушы – ел ретінде Папуа - Жаңа Гвинея тұр. 2002 жылы бақылаушы статусқа Шығыс Тимор өтініш берді.
Мадина Нұрбекова