• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Трансұлттық компаниялар Қазақстан мен Ресейдің шекара аймақтарында құрылуда – Ю.Якушева 29.05.2014

«Бірлескен өндірістер, трансұлттық компаниялар Қазақстан мен Ресейдің шекара аймақтарында құрылуда.  Бүгінде оларды көбейтуге мүмкіндік бар және ол Ресей мен Қазақстанға бірдей тиімді», - деді ол.

Сонымен қатар Ю. Якушева, Ресей мен Қазақстанның мықты  ғылыми-техникалық базасын да  тілге тиек етті.

«Жалпы, Қазақстан да, Ресей де шикізатты мемлекеттер. Қос мемлекетте де  экономиканы жаңғырту бойынша қадамдар жасалды. Бүгінде ілкімді істердің нәтижесі мақтанарлықтай.  Бұл нәтижелердің салмағы ЕАЭО-тан кейін артады», - деп Юлия Якушева ағынан жарылды.

«Айта кетерлік жайт, ЕАЭО қатысушы-елдерге және пост кеңестік кеңістіктегі елдердің бірқатарына әлемдік экономиканың жаңа жүйесіне тойтарыс беруге мүмкіндік береді», - деп ол баса айтты.

Индира Кауметова 


Back to the list