• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біз үшін экономикамыздың дамуы өте маңызды – Б.Сағынтаев (Брифинг бейнебаяны) 29.05.2014

«ЕАЭО туралы Келісімде бірлестіктің бірлесе атқарған жұмысы тек экономикалық бағытта сипат алмақ. Ал елдің тәуелсіздігі, қорғаныс саласы секілді мемлекеттің өзіндік саясаты бұрынғысынша дербес түрде қала бермек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

«Мемлекет басшыларының ЕАЭО құру туралы Келісімге қол қоюы кезіндегі айтқан сөздеріне қарайтын болсаңыздар, онда мемлекет басшылары одақтың тең экономикалық прагматизм негізінде жұмыс істейтінін байқайсыздар. Осы орайда аталмыш одақтан мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуы, капитал мен тауардың еркін айналымы секілді экономикалық пайдалардың аталытынын көресіздер. Бұның барлығы елдің ЖІӨ артуын мақсат етеді. Ал ЖІӨ артуы өз кезегінде халықтың әлеуметтік деңгейін көтермек», - дейді.

 


Back to the list