29.05.2014
«Енді жаңа құжатты елдеріміздің парламентариилері мұқият қарап, ратификациялауы қалды. Біз, мемлекет басшылары өзіміздің парламент пен депутаттарға жолдау жасауға уағдаластық. Себебі келесі жылдың 1 қаңтарынан Одақ толық күшіне енуі қажет», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы тағы да «Бүгін Қазақстан, Белорусия, Ресей үшін маңызды күн, Еуразиялық экономикалық одақ – мығым механизм, мәңгілік достық пен тату көршіліктің өзара қарым-қатынасы» деп айтып өтті.
«Мен 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі лайықты деп санаймын», - деді ол.
Мадина Нұрбекова