29.05.2014
Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары жаңа дәуірдің ең маңызды құжаттарының бірі – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Жеті жүзге жуық беттен тұратын құжатта 4 бөлім, 28 тарау, 118 бап және 32 қосымша бар.
АЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды деп күтілуде.