• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Армения  ЕАЭО құрамына   2014 жылдың 15 маусымына  дейін   қосылуы мүмкін 29.05.2014

 «2-3 мәселені пысықтау ғана қалғанын ескере отырып, Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қол қою мерзімін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін белгілеуді сұраймын. Уақыттың аз екенін түсіне отырып, Сіздер дайын болған жағдайда 2-3 күнде өзара тиімді шешім табатынымызға сенімдімін. Өз тарапымнан, қол қойылған шарт ұлттық палата қарауына қысқа мерзімде ұсынылып, бекітіледі деп сендіргім келеді», - деді Серж Саргсян. 

«Бұл көптеген сарапшылардың орасан еңбегінің нәтижесі. Десек те, бұл Мемлекет басшыларының саяси қалауынсыз мүмкін болмас еді», - деп қосты ол. 

«Маңызды тарихи жағдай – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуға шақырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Кедендік Одақ елдерінің Мемлекет басшыларын жаңа кезең – Еуразиялық экономикалық одақ құруға жетулеріңізбен құттықтаймын», - деді Армения Президенті.

Индира Кауметова 


Back to the list