29.05.2014
«Біз бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық одақты құру жолында ауқымды еңбек еттік. Енді бүгін аталмыш одаққа қол қойылғалы отыр. Келісім жобасында тараптарға теңдей құқық берілген. Сарапшылар мен вице-премьерлердің қатысуымен дайындалған келісім жобасын біз бірнеше рет түзетіп, қазір әбден пісірдік», - деді ол.
Сонымен қатар, Мемелкет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімде ешбір мемлекттің мүддесі аяқ асты етілмегенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Келісім мәтіні орыс тілінде дайындалып, түпнұсқасы тараптардың мемлекеттік тілдеріне аударылмақ. Осы арқылы еуразиялық экономикалық одақтың тілдік теңсіздігіне жол берілмейді.
Айта кетейік, Жоғарғы еуразиялық экономикалық одақтың отырысына Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттері қатысуда. Сондай-ақ, 3+2 форматындағы кеңейтілген отырысқа Армения мен Қырғызстан мемлекет басшылары да қатысып, одақтың болашағын талқыламақ.
Бауыржан Мұқанов