29.05.2014
«Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіне 7 мәселе шығарылып отыр. Барлық сұрақтарды сарапшылар, вице-премьерлер сараптады, шарт қол қоюға дайын. Оған салтанатты жағдайда қол қойылады. Сондай-ақ, Арменияның одаққа қосылуы туралы тармақ бар. Кеңейтілген ауқымда мұны талқыға саламыз», - деді Қазақстан Президенті.
Оның айтуынша, Қырғызстан да Жол картасы жобасына қызығушылық танытып отыр.
«Осы мәселені енді тараптардың толық қатысуымен талқылауды ұсынамын», - деді Елбасы.
Бауыржан Мұқанов