29.05.2014
«Бүгінге дейін Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында үш елдің ведомстволары өзара бірлесе жұмыс істей отырып Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің негізін қалады. Бұл келісім бүгінге дейінгі атқарған жұмысымыздың жемісі», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшылары деңгейіндегі «Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің» отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ» құру туралы Келісімге Қазақстан, Ресей мен Беларусь Мемлекет басшылары қол қояды. Сонымен қатар 3+2 форматындағы шараға Армения мен Қырғызстан Президенттері де қатысты.
Аталған одақ туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.
Бауыржан Мұқанов