29.05.2014
«Әлеуметтiк сауалнаманың нәтижесi жұртшылықтың ЕАЭО-ны кеңiнен қолдайтындығын аңғартып отыр. Дәлірек айтатын болсақ, бiздiң халық ЕАЭО-ға кiру ел дамуының негiзi екендiгiне сенімді. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 95%-ы ықпалдастық Қазақстан үшiн аса маңызды стратегиялық бағдар деп есептейдi.», - деді сөз басында Ж.Құсманғалиева.
Оның айтуынша, халық пен сарапшылар Еуразиялық интеграцияның келешегiнен зор үмiт күтетiндiгін атаған жөн.
«Сауланама қорытындысы бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 77 пайызы және сарапшылардың 88 пайызы ЕАЭО аясында ықпалдастықты одан әрi дамыту керек деп есептейдi. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандар ЕАЭО-ға мүше болып отырған Қазақстан экономикалық табысқа кенелетiндiгiн атаған. Ықпалдастықтың артықшылығы ретiнде отандықтың бизнес өкiлдерiнiң серiктес елдер нарығына қол жеткiзетiндiгiн атап көрсеткен», - деп Ж.Құсманғалиева ағынан жарылды.
Сонымен қатар оның пайымынша, осылайша қазақстандық қоғам еуразиялық экономиқалық одақты бағалауда өзінің зеректігін көрсетуде. Айта кетерлік жайт, еуразиялық интеграциялық процесске халықтың сенімі жоғары, деді ол.
Мадина Нұрбекова