• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үш ел арасындағы  телекөпір барысында ШОБ ынтымақтастығы талқыланды 29.05.2014

Өңірде Ресей Федерациясымен бірлескен 250-ден астам кәсіпкерлік жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Казмырыш» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Семей-ет» комбинаты өкілдері ЕАЭО артықшылығын айтып, Кедендік одақ аясындағы жұмыстарымен бөлісті.

«СемАЗ» ЖШС мен «Минск трактор зауыты» РБК арасында өндірістік алаңдарда трактор құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы бұрындары құрылған келісім аясында «СемАЗ» ЖШС «Беларус» тракторы өндірісін жолға қойды. 5 жыл ішінде 4900 трактор шығарылған.

Сөз соңында өңір басшылары экономикалық байланыстың жаңа форматы үш ел халқының игілігіне қызмет етеді деген пікірге тоқталды.

 


Back to the list