29.05.2014
Ол атап өткендей, Евразиялық экономикалық одақ ел экономикасының тұрақты дамуына, тауарлардың, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысына мүмкіндік береді.
«Бұл интеграциялық бірлестік бізге болашақта көліктік-логистикалық қызметтегі халықаралық оператор ретіндегі аймақ ұстанымы негізінде көліктік инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті дамытуда зор мүмкіндіктер береді деп есептейміз. Өңір аумағында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Алматы-Қорғас» учаскесінде халықаралық көлік дәлізі дамытылуда. Панфилов ауданында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы іске кірісті, «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылуда», - деді ол.
«Евразиялық Экономикалық одақ бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырып, экономикалық тұрақтылыққа, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенімдіміз», - деді ол.