24.05.2014
«Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттің басты саясаты болып қала бермек. Отандық келіссөз жүргізушілер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЕАЭО аясында мемлекеттің бизнесті қолдау шараларының барлығы қаз –қалпында қалуы бойынша келісім орнатты. Сондай-ақ, несие кепілдемесі мен субсидиялау жүйесі де сақталады», - деді Б. Сәркеев.
Сондай-ақ, ол қазақстандық бизнестің нығая түсуі үшін ағымдағы жылы Президент «Бизнесті жақсартуға бағытталған шаралар» туралы Жарлығына қол қойғандығын айтты. Ол бойынша ШОБ мораторийі жарияланған болатын.
«Жыл соңына дейін қабылдануы қажетті заң жобаларына байланысты жұмыс жүргізіледі. Демек, мемлекеттік органдар жаңа түзетулер мен рұқсат енгізу кезінде заңға сәйкесінше өзгеріс енгізуге мүдделі болады», - деді ол.
Б. Сәркеев атап өткендей, «Ұйымдардың өзін-өзі басқаруы туралы» заңы қабылданатын болады, Ол барлық бизнес құрылымдардың қызметін күшейтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның Doing Business рейтингінде жоғарылау мәселесі қаралады.
Камила Амирова