24.05.2014
«Еураиялық экономикалық одақ аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы өсуде. Атап айтсақ, КО-ға бағытталған жаңа кәсіпорындарды ашуға түркиялық және корейлік кәсіпорындар қызығушылық танытып жатыр. Алдымен олар, былғары, азық-түлік және текстильді өнім шығаруға ниетті», - деді Б. Сәркеев.
Оған қоса, оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер жыл сайын 198 млрд долларды өндіретін Ресей мен Беларусь мемлекеттік сатып алымы үшін нарық ашқалы жатыр.
«Жалпы, статистика ақпараты бойынша, Кедендік одақ елдерімен Қазақстанның тауар айналымы экспорт үшін 26 пайыз, импорт үшін 74 пайызды құрайды. Қазақстан экспорттан гөрі импорттауды белсенді жүргізуде», - деді ол.
«Қазақстанның импорты мен экспортының құрылымы шикізат және өндірісте келген тауарлардың 71 пайызы импорттық үлес. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 650 кәсіпкерлік енді, ал жобалардың 50 пайызы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қолдауға ие болды», - деді ол.
Камила Амирова