19.05.2014
«Бүгінде Қазақстан көптеп жүргізілген реформалардың арқасында мүмкіндігі төмен мемлекеттер қатарынан шығып қана қоймай, экономикалық пост кеңестік кеңістікте барынша дайындалған интеграциямен шығуда. Айта кетерлік жайт, тәуелсіздік жылдары елдің ЖІӨ екі есе ұлғайтылды», - деді Б. Байбек.
Сонымен қатар, ол, еліміздің алтын валюта резервтері 100 млрд долл. жетті. Индустрияландыру шеңберінде Қазақстан экономикасы қарқынды жаңартылып, жаңа келбетке иеленуде, деп атап өтті.
«Қазақстан, Ресей мен Белоруссияға 17-миллионды нарықты аша отырып, 153 млн. халқы бар 9 есе үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік алды. Тек, мемлекеттік сатып алу нарығы қазақстандық кәсіпкерлер үшін 198 млрд. долл. немесе 26 есе ұлғайды. Ал, импорттың жиынтық көлемі 360 млрд. долл. құрады», - деп «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ағынан жарылды.
Сонымен қатар, ол, ЕАЭО нарығы азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша үлкен мүмкіндіктердің бетін ашуда, деді.
«Бірыңғай кедендік тариф пен стандарт кеңістігін құру Қазақстан аумағында құрлықаралық жүк тасымалын жеңілдетіп, көбейтеді. ЕАЭО жиынтық ресурстарын біріктіру арқылы Қазақстан ДСҰ кіру алдында өзінің бәсекеге қабілеттілігін артыратын болады», - деп ол сендірді.
Камила Амирова
Фото-Азамат Алиев