• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭС елдің инновациялық дамуына серпін  береді – Б. Байбек 19.05.2014

«Еуразиялық экономикалық одақты құру – бұл біздің еліміз үшін тарихи оқиға, ол Н. Назарбаевтың  бастамасы бойынша 20 жыл бұрын ұсынылған болатын. Интеграциялық үрдіс жаңа сапалы деңгейге шықты. Мемлекет басшысы М. Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған дәрісінде Еуразиялық одақтағы Қазақстанның басты жоспары туралы атап өткен болатын. Біз ЕАЭС болашағында елдің инновациялық серпіні мен қарқынды дамуын көреміз», - деді Б.Байбек.

Сонымен, партия төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, жаңа бірлестіктің шеңберінде үш мемлекеттің кәсіпкерлері алдында көлемі 2 трлн  АҚШ долларын құрайтын  жалпы 170 милионды нарық ашылады.

«Тауарлардың, қызметтердің капитал мен еңбек күшінің еркін айналымы Қазақстанға тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етеді.  «Қазақстан -2050» Стратегиясында еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енгізу тапсырмасы берілген, бұл міндетті орындауда осындай интгерациялық бірлестіктердің рөлі зор», - деп ол өз ойын толықтырды.

ДКЖК  отырысының қорытындысы бойынша оның мүшелері  үндеу қабылданды. Онда олар Еуразиялық экономикалық одақ құруды  толығымен қолдады және барлық қазақстандықтарды Елбасы саясатының төңірегіне топтасуға, ал Үкімет пен атқарушы органдардың барлық жүйесін - ел Президентінің мемлекеттік бағытының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге үндеді.


Back to the list