19.05.2014
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі Таразада «Тауар нарығындағы бәсекелестіктің тең талаптарын қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Коллегия мүшесі, ЕЭК министрі Нұрлан Алдабергенов пен БҚА төрағасы Ғалым Оразбақов, Беларусь Республикасы экономика министрінің бірінші орынбасары Анатолий Филонов, Қазақстан Парламенті депутаттары, меморган өкілдері және т.б қатысты.
Шара барысында КО мен БЭК елдерінің бәсекелестікті қорғауды жетілдіру сұрақтары талқыланды.
Айта кетейік, 2013 жылдың қазан айында бәсекелестік туралы заң қабылданды. Құжатта КО мен БЭК мүше –елдерінің бәсекелестікті қорғауы бойынша бірыңғай бағыттары көрсетілген.