• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үдемелі индустрияландыруды  құру   өтім нарығының кеңеюін қажет етеді – Р. Сұлтанов 19.05.2014

«Кедендік одақ құрылғалы 4 жыл өтті. Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында интеграцияға бірқатар мәселелер түрткі болды. Кедендік одақты құруда басты себеп ретінде Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелді болуын атап өтсек болады. Бұл тұрғыда өндіріс құрылымы мен тауар экспорты   дәлел бола алады», - деді сөз басында Р. Сұлтанов.

Оның айтуынша, республиканың экономикасына 1993 жылдан бері тартылған инвестициялардың басым бөлігі өндіру секторына салынған.

«Осы ретте, Қазақстанның дамуының оңтайлы жолы  үдемелі  индустриализация десе болады. Алайда, қазақстандық экономиканың тартымдылығын арттыруға беретін бұл жол өткізу нарғысыз мүмкін емес», - деді Р.Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, еуразиялық интеграция туралы идеясын Мемлекет басшысы 1994 жылы М. Ломоносов атындағы ММУ оқыған лекциясында мәлім еткен. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list