19.05.2014
«Біз бүгін КО мүше елдер – Беларусь, Ресей, Қазақстан мемлекеттері тегін сауда аймағын құру бойынша Вьетнам, Жаңа Зеландия, Швейцария, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн, ЕЕСА елдерімен келіссөздер жүргізудеміз», - деді ол.
Оның айтуынша, еркін сауда аймағы КО мен үшінші жақты елдері дәрежесінде Қазақстанның бәсекелестігін арттырады.
«Бұл фармафевтика, өнеркәсіптік инжиниринг саласындағы отандық және шетелдік кәсіпкерліктер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, технология трансфертіне жол ашатын болады», - дейді Ә.Әлімбекова.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде Кедендік одақ пен Израиль арасындағы өзара сауданың әртараптануынан экономикалық әлеуетті зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар басталып, Үндістан және өзге де бірқатар мемлекеттермен осындай жұмыс жасау мәселесі қаралуда.
Мадина Нұрбекова