• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның интеграциялық үрдістерге қатысуы аса маңызды –Ә. Әлімбетова 19.05.2014

«Еуразия құрлығының ортасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан секілді мемлекеттің барлық интеграциялық үрдістерге араласуы өте маңызды. Бұл бағытта біз ауқымды шаралар атқарып жатырмыз», - деді Ә.Әлімбетова.

Оның айтуынша, 2010 жылдан бастап Қазақстан Кедендік одақ аясында жұмыс істеп келеді. Осы уақыттан бастап сыртқы сауда саясатының бірыңғай шаралары жүзеге асырылуда. Бұл дегеніңіз бірыңғай кедендік тариф пен терифтік емес реттеудің шаралары.

«Осы үрдістерде біз өз мүддемізді сақтай отырып кәсіпорындарды  дамытуымыз керек. Осы мақсатта жұмыстар да жасалуда. 4 жыл ішінде кедендік баж салығы төлеменің көлемін өзгерту мен тарифтік емес реттеулер бойынша шаралар қабылдау ұсыныстары дайындалды. Айта кету керек, біз бұның барлығына белсенді ат салысудамыз. Кәсіпкерліктеріміз тарапынан келіп түсетін барлық ұсыныстарды біз Еуразиялық экономикалық комиссияға жөнелтеміз. Кеңес аясында барлық сауалдар қаралып, шаралар қабылданады», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list