18.05.2014
Отырыс жұмысына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдері қатысты, деп ҚР ҚОСРМ хабарлады.
Кеңес мүшелері ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі Келісім жобасын мақұлдады. Келісім жобасында ЕурАзЭҚ-тың әуе атмосферасын қорғау саласындағы үйлестіруші техникалық орталықты - Еуразиялық әуе атмосферасын қорғау ғылыми-зерттеу институтын құру көзделген. Бұл бастаманы іске асыру үшін сарапшылардан жұмыс тобы құрылмақ.
Институт аймақтағы елдердің әуе атмосферасын қорғау саласын реттейтін заңнамаларын үйлестіріп, осы саладағы халықаралық келісімдерге қосылудың «жол карталарын» әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар бұл орталық атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары туралы электрондық мәліметтер базасын жүргізеді, ұлттық атмосфераның ластануын бақылау жүйелерінің дамуына, сала мамандарының біліктілігін жоғарылатуға қолғабыс етеді.
Айта кетерлік жайт, Сарапшылық жұмыс тобының мамандары ЕурАзЭҚ елдері аумағында атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары көлемдерін есептеу тәсілдемелерін ендіру мен реестрларды жүргізу ережелерін әзірлейді.