18.05.2014
ДКЖК мүшелері – еліміздің саяси партиялар мен басты ҮЕҰ жетекшілері, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сарапшылар ДКЖК Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Еуразия экономикалық одағын құру мәселесі жөніндегі отырысына шақырылды.
19 мамырда өтетін отырысқа ДКЖК мүшелері – саяси партиялар жетекшілері, сондай-ақ азаматтық сектор, ардагерлер ұйымдары, әйелдер бірлестіктері, жастар ұйымдары, бизнес-құрылымдар, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ұйымдар өкілдері қатысады.
ДКЖК отырысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ықпалдастық мәселелері бойынша ҚР Үйлестіру кеңесінің Төрағасы Б.Сағынтаев шақырылған.
Шақырылғандар арасында «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов, тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова, экономист Ғалым Байназаров, ҚР Салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова, «VISOR Holding» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов және басқалар бар.